Accessibility links

Ресей шенеуніктерінің мүлкі жайлы деректі құпияландыратын заң қабылданды


Ресей президенті Владимир Путин көлікте отыр. Новосибирск, 8 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
Ресей президенті Владимир Путин көлікте отыр. Новосибирск, 8 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ресей президенті Владимир Путин федералдық күзет қызметінің (ФСО) құзырын кеңейтетін заңға қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, ФСО-ға енді мемлекеттік қорғаудағы тұлғалар туралы жеке мәліметтерді құпияландыратын өкілеттік берілді. Мемлекеттік шенеуніктердің қайда тұратыны және қайда жүргені туралы ақпаратты ашуға тыйым сала алады.

ФСО әуежайлар мен басқа да көлік алаңдарын тегін пайдалана алады. Сонымен бірге күзет қызметі қорғауындағы адамдар жүретін жолдарда қозғалысты шектей алады.

«Трансперенси интернешнл – Россия» коррупцияға қарсы орталығы сарапшыларының пікірінше, бұл заң мемлекеттің жоғары басшылары туралы ақпаратты жоқ қылуға негіз болады.

Ресей президенті федералдық күзет қызметінің құзырын кеңейту туралы заң жобасын биылғы ақпанда енгізген. Наурызда Путиннің шешімімен ФСО жер телімдерін Ресей қажетіне алу құқына ие болған.

XS
SM
MD
LG