Accessibility links

Дамаскіде жанкешті жасаған жарылыстан бірнеше адам өлген


Сирия картасы.
Сирия картасы.

Дамаск қаласының шығыс бөлігінде бүгін жанкешті жасаған жарылыс салдарынан бірнеше адам қаза тапқан және жараланған деп хабарлады Сирия мемлекеттік телеарнасы.

Телеарна таратқан ақпаратта жексенбі күні таңертең Сирия астанасына кіреберісте екі адам өз-өзін жарып жібергені айтылған. Үшінші жанкешті қалаға кіріп, оны қауіпсіздік қызметкерлері қоршауға алған кезде өзін жарып жіберген. Осы жарылыстан мерт болған және жараланған адамдар бар.

Сирия президенті Башар Асадтың резиденциясы орналасқан Дамаскіде осы уақытқа дейін жанкешті терроршылар шабуылы сирек болатын.

XS
SM
MD
LG