Accessibility links

Качиньский: Трамптың сапары - Польшаның жаңа жетістігі


Польшада билікте отырған "Құқық және әділет" партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский.
Польшада билікте отырған "Құқық және әділет" партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский.

Польшада билікте отырған "Құқық және әділет" партиясының жетекшісі Ярослав Качиньскийдің мәлімдеуінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Германияда өтетін "Жиырмалық елдері" (G20) саммиті қарсаңында Варшаваға жоспарлаған сапары еуропалық өзге елдердің қызғанышын тудырған. Шілденің 1-і күні Качиньский Польша үшін "Трамп сапары - жаңа жетістік" деп мәлімдеді.

Оңшыл бағыттағы ұлтшылдар партиясын басқаратын Качиньский өзгелер "бұған [сапарға] қызғанышпен қарайды – ағылшындар осыған бола бізге шабуылдады" дегенімен, ол қандай шабуылдар екені жайлы ашып айтпаған.

Трамп Варшаваға шілденің 5-і күні келуі тиіс, ал шілденің 7-і күні ол Германиядағы G20 саммитіне қатысады.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ президентін оның қаңтардың 20-сында өткен инаугурациясынан кейін Лондонға мемлекеттік сапармен келуге шақырған, бірақ оның нақты күні белгіленбеген еді.

Качиньскийдің партиясы Еуропа одағында шешім қабылдаған кезде Польшаға қазіргіден көбірек өкілеттік берілуін талап етіп, Еуроодақтың өзге мүшелерін сынаған. Качиньский Польша Еуроодақтың Италия мен Грекиядан мұсылман мигранттарын көшіру жөніндегі жоспарын қабылдаудан бас тартатыны туралы сөзін тағы қайталаған. Ол өзі басқаратын партияның саясаты Польшаны "әлеуметтік апат" пен өмір сүру деңгейінің төмендеуінен құтқарып қалды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG