Accessibility links

Шулы видео үшін атыраулық жастар әкімшілік қамауға алынды


Атырауда "Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі" түлектері әлеуметтік желіде таратқан видео үшін әкімшілік жауапқа тартылды деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Ішкі істер департаментінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған ақпаратта 1998 және 1999 жылдары туған екі азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сот шешімімен үш күнге әкімшілік қамауға алынғаны айтылған. Жас бойжеткенге сот бір тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.

Олармен бірге видеоға түскен төртінші баланың кәмелеттік жасқа толмағандығы анықталған. "Алдағы күндері оған қатысты сот қаулысы шығады" деп хабарлайды облыстық ІІД.

Бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы тараған видеода Атырау облыстық әкімдігі алдында тұрған бір топ жастың жергілікті оқу мекемесінің атына балағат сөз айтқаны бейнеленген. Кейін әлгі жастар Атыраудағы колледждердің бірінің түлектері екені анықталған соң, олар жұрт алдында істеген істері үшін кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG