Accessibility links

Кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо Джефф Хорннен жеңілді


Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо. Лас-Вегас, АҚШ, 2 мамыр 2015 жыл.
Филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо. Лас-Вегас, АҚШ, 2 мамыр 2015 жыл.

Австралияның Брисбен қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе жекте австралиялық Джефф Хорн филиппиндік Мэнни Пакьяодан басым түсті.

Төрешілердің үшеуі де 29 жастағы австралиялық боксшыны бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Бұл 38 жастағы әйгілі филиппин боксшысының кәсіпқой рингтегі жетінші жеңілісі. Ал чемпион белдігін ұтып алған Джефф Хорн 16 рет жеңіске жетіп, ешкімнен жеңіліп көрмеген.

XS
SM
MD
LG