Қытай Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы арал маңында АҚШ әскери кемесінің пайда болуын "үлкен арандатушылық" деп атады.
АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі зымыранмен жарақталған USS Stethem эсминеці 2 шілдеде Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы Парасель аралдарының бір бөлігі саналатын Тритон аралына 1 2миль жақындап барғанын хабарлаған.
Аралды Қытай, Тайвань және Вьетнам үшеуі бірдей өз иелігі деп даулап келеді.
АҚШ билігінің өкілі "навигация еркіндігі" маршруты бойынша аралға 12 теңіз миліндей қашықтықта жақын жүзіп барған америкалық кеме АҚШ-тың аралға қандай да бір елдердің таласын мойындамайтынын көрсетті деп мәлімдеді.
Халықаралық құқық бойынша, мемлекеттер даулы аймақтағы теңіз суына жағалаудан 12 теңіз миліне (22,2 километр) дейінгі аралықта ғана иелік ете алады.
Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Лу Кан АҚШ-тың әрекеті "Қытайдың егемендігіне, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол сұғып, Қытай аралындағы нысандар мен азаматтарға қауіп төндіреді және осылайша үлкен саяси және әскери арандатушылық тудырады" деп мәлімдеді.
"Қытай егемендігі мен қауіпсіздігін қорғайтын барлық шараларды жасайды" деді Лу Кан.