Accessibility links

Сирияның жаңа банкнотына Башар Асад бейнесі басылды


Сирияның президент Башар Асад бейнесі басылған құны 2 мың фунттық жаңа банкноты.
Сирияның президент Башар Асад бейнесі басылған құны 2 мың фунттық жаңа банкноты.

Сирия президенті Башар Асадтың суреті Сирияның жаңа 2000 фунттық банкнотына (шамамен 3,90 АҚШ долларына тең) басылып шықты.

Сирия Орталық банкінің басшысы Дурайд Дургам банкнот бір жыл бұрын басылып шыққанын, бірақ соғысқа байланысты және айырбас бағамының құбылмалы болуынан айналымға кешігіп енгізілгенін мәлімдеді.

Сирияның бұрынғы банкноттарында тарихи орындардың бейнесі және Башар Асадтың әкесі әрі елдің бұрынғы басшысы, 2000 жылы қайтыс болған Хафез Асадтың бейнесі басылатын.

Алты жылдан астам уақытқа ұласқан Сириядағы азаматтық соғыста инфляция деңгейі жоғарылап кеткен.

Сирияда бұрын құны ең жоғары банкнот 1000 фунт болған.

XS
SM
MD
LG