Accessibility links

Иран мен Total 4,8 миллиард доллардың газ келісімін жасаспақ


Total-дың атқарушы директоры Патрик Пуйан (сол жақта) Иран президенті Хассан Роуханимен қол алысып тұр. Париж, 28 қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Total-дың атқарушы директоры Патрик Пуйан (сол жақта) Иран президенті Хассан Роуханимен қол алысып тұр. Париж, 28 қаңтар 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Францияның энергетикалық ірі Total компаниясы Иранның газ кеніштерін игеру жөнінде 4,8 миллиард доллардың келісімін жасаспақ деп хабарлады Иран сыртқы істер министрлігі. Иранға салынған халықаралық санкциялар жойылған өткен жылдан бері мұндай ірі көлемдегі келісім жасалған емес.

"Оңтүстік Парс газ кенішінің 11 кезеңін игеру жөніндегі халықаралық келісімге мұнай министрлігі мен Total, Қытайдың CNPC (China National Petroleum Corporation) және Иранның Petropars компаниясының басшылары 3 шілдеде қол қояды" деп мәлімдеді Иран мұнай министрлігінің ресми өкілі.

Total Иранмен құны 4,8 миллиард доллар болатын жобаның 50,1 пайыз акциясына ие болу туралы алдын ала келісімге өткен жылы қарашада қол қойған. Жобаның 30 пайыздық үлесін - CNPC, 19,9 пайыздық үлесін Petropars иеленбек. Total 20 жылға жоспарланған жобаны іске асырудың алғашқы кезеңінде 1 миллиард доллар қаржы салады.

Жоба келісіміне 2017 жылдың басында қол қойылу жоспарланған еді. Бірақ Total ақпан айында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Иранға қарсы санкцияларды қайтадан салатынын я салмайтынын күтетінін мәлімдеп, келісімді кейінге қалдырған.

XS
SM
MD
LG