Accessibility links

Францияда мешіттегі атыстан сегіз адам жараланды


Францияның Авиньон қаласы (Көрнекі сурет).
Францияның Авиньон қаласы (Көрнекі сурет).

Францияның оңтүстігіндегі Авиньон қаласында мешітте болған атыстан кем дегенде сегіз адам жараланды. Жергілікті полиция оқиғаны террорлық шабуылдан гөрі әлдебір адамдардың "бір-бірінен кек алу" әрекетіне көбірек ұқсатады. La Provence басылымының хабарлауынша, расталмаған деректер бойынша, жаралылар арасында кем дегенде екі бала бар.

Шабуыл 2 шілде күні түнге қарай, жұрт мешіттен шыққан кезде болған. Шабуылды бетперде киген екі адам жасаған. Олар атыстан соң із жасырынып үлгерген. Полиция жергілікті жастар арасында егес болып, соңы атысқа ұласқан болуы мүмкін дейді.

Өткен аптада Париждің шетіндегі Кретей қалашығында мешіт жанында топ адамды көлікпен қағып өтпек болған ер адам ұсталған. Оқиғадан ешкім зардап шекен жоқ.

XS
SM
MD
LG