Accessibility links

Германияда жол апатынан 18 адам із-түзсіз жоғалды


Мюнхберг қаласының маңында өртенген автобус қасында тұрған өрт сөндірушілер. Германия, 3 шілде 2017 жыл.
Мюнхберг қаласының маңында өртенген автобус қасында тұрған өрт сөндірушілер. Германия, 3 шілде 2017 жыл.

Германияның оңтүстігінде көлік жолында жолаушылар көлігі апатқа ұшырап, 18 адам із-түзсіз жоғалды. 3 шілдеде жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, өртеніп кетті.

Полиция өкілі Анне Хафер автобустың түгі қалмай жанып кеткенін, оның салонында болған кейбір адамдардың өрт шыққанға дейін автобустан шығып үлгермеген болуы әбден мүмкін екенін хабарлады.

Жергілікті биліктің ақпаратына қарағанда, жол апатынан 31 адам жараланған. Жол апаты таңертең Баварияның Мюнхберг қаласына жақын А9 жолында болған. Автобуста 46 жолаушы мен екі жүргізуші болған.

XS
SM
MD
LG