Accessibility links

Франция президенті парламент депутаттарын қысқартуды ұсынды


Франция президенті Эммануэль Макрон парламент алдында сөйлеп тұр. Париж, 3 шілде 2017 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон парламент алдында сөйлеп тұр. Париж, 3 шілде 2017 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон парламент депутаттарының үштен бірін қысқартқысы келетінін мәлімдеді. Парламентте жолдау жасаған Француз президентінің пікірінше, сол кезде парламент тез шешім қабылдап, қажетті реформаларды жылдамырақ жүргізетін болады.

Сонымен бірге ол әскерді жетілдіргісі келетінін айтты. Макронның пікірінше, мұндай шешім Франция мүддесін қорғап, басқа елдермен халықаралық мәселелер бойынша диалог жүргізу үшін керек.

Макрон қажетті реформалар үшін парламент бір жыл ішінде дауыс бермесе, онда жалпыхалықтық референдум өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Версальдағы салтанатты жиынға парламенттің қос палатасы - Ұлттық жиынның 577 депутаты және сенаттың 348 мүшесі шақырылған. Француз парламентін президент жолдауы үшін шақыру - Францияның саяси тәжірибесіндегі жаңа қадам. Макрон жолдауын жылда осылай ұйымдастыруға уәде берді.

4 шілдеде Ұлттық жиында Франция премьер-министрі Эдуар Филипп сөз сөйлейді. Ол министрлер кеңсесінің жұмысын таныстырады.

XS
SM
MD
LG