Accessibility links

Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тан газ сатып алуға шақырмақ


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 шілдеде Польшаға жасайтын сапарында Ресейдің энергия ресурстарына тәуелді болып қалудан қауіптенетін Шығыс Еуропа елдерін АҚШ-тан Еуропаға табиғи газ жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға шақырмақ деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Соңғы жылдары Мәскеу қыс кезінде көрші елдермен бағаға қатысты дау туындағанда Еуропаға газ жеткізуді тоқтатып тастап, Еуропа мемлекеттері энергия ресурстарының сенімді көздерін іздеуге мәжбүр болған.

АҚШ таяуда Польшаға сығымдалған газ жеткізе бастаған. Ақ үй Трамп Польшада одақтастарына америкалық компаниялардың қызметін олардың Орталық және Шығыс Еуропаға газды көбірек жеткізуіне жағдай жасайтындай түрде жеңілдетпек ниеті туралы айтады.

АҚШ-тың Еуропаға газды көп көлемде тасымалдай бастауына газ өндіру мен оны экспорттауда алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануы ықпал етіп отыр. Трамп өткен аптада АҚШ энергетикасының "алтын дәуірі" туғанын, ол бойынша өз елі Еуропа мен Азияға көмірсутегі шикізатын экспорттау арқылы "энергетикалық үстемдікке ие болу" саясатын жүргізе алатынын жариялаған болатын.

XS
SM
MD
LG