Accessibility links

Qazaq Air ұшағы ақаудан соң Алматы әуежайына қайта оралды


Алматы әуежайы (Көрнекі сурет).
Алматы әуежайы (Көрнекі сурет).

Алматыдан Астанаға ұшып шыққан Qazaq Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуежайға қайтып оралып, рейс бөгеліп тұр. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейсенбіде IQ353 рейсімен Астанаға ұшып шыққан Bombardier Q400 NextGen ұшағы қозғалтқышындағы майдың қысымын көрсететін индикация іске қосылып қалып, 25 минуттан соң әуежайға қайтып оралған.

Ұшақ әуежайға қалыпты жағдайда қонған. Компанияның инженерлік қызметі ұшақтың техникалық жағдайын тексеріп жатыр.

Алматы әуежайындағы ұшақтардың ұшу-қону кестесіндегі ақпаратқа қарағанда, Астанаға сағат 10:15-те ұшуы тиіс IQ353 рейсі әлі бөгеліп тұр.

2 шілде күні де Air Astana компаниясының Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы техникалық себептерге байланысты ұзамай әуежайға қайтып оралған.

XS
SM
MD
LG