Accessibility links

Макрон төтенше жағдай режимін күзде жоюға уәде берді


Франция президенті Эммануэль Макрон парламент алдында сөйлеп тұр. Париж, 3 шілде 2017 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон парламент алдында сөйлеп тұр. Париж, 3 шілде 2017 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макрон күзде 2015 жылы қарашада Парижде болған терактіден соң енгізілген төтенше жағдай режимін жоятынын мәлімдеді. Франция парламенті палаталарының біріккен отырысында елдің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтары туралы мәлімдеме жасаған Макрон үкімет экстремизммен күресу үшін қауіпсіздік шараларын күшейтетінін де айтты.

"Осы күзде төтенше жағдай режимін жойып, француз халқының еркіндіктерін қалпына келтіремін. Себебі бұл еркіндіктер күшті демократияның алғышарты саналады" деді Макрон.

Ол үкімет "кез-келген жаңа шабуыл жасаудың алдын алуға жұмыс істейтінін" және экстремистермен "аяусыз күресетінін" де айтты. Макрон бұған қоса "жеке адам еркіндігін толық құрметтеудің" маңызды екенін де білдірді.

2015 жылғы қарашаның 13-і күні Парижде үйлестіріліп жасалған бірнеше террорлық шабуыл салдарынан кемінде 130 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам зардап шеккен. Париждегі бұл террорлық шабуылдар жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG