Accessibility links

Қазақстанда жалған кәсіпкерлік үшін қолданылатын қылмыстық жаза жойылмақ


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев заңға жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоятын түзетулер енгізу жобасына қол қойды. Қабылданған өзгерістер мен түзетулердің қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық кодекстерге, әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекске және бірқатар заңға қатысы бар.

Заңды дайындағандар ол "экономикалық саладағы бірқатар қылмыстар үшін жаза түрлерін "гуманизациялайды" деп атаған. Мысалы, заңда кәсіпкерлік салада заң бұзғаны үшін санкцияны төмендету және "қоғамға қауіп төндіру дәрежесі төмен" экономикалық құқық бұзушылықты декриминализация жасау қарастырылған.

Заң бойынша, "Денсаулыққа қасақана жеңіл зақым келтіру" және "Сабау" баптары қылмыстық кодекстен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылмақ. Ол баптар бойынша әкімшілік өндіріс аясында әкімшілік арест қолданылуы мүмкін.

Заңға сай, кейбір баптар бойынша егер бірінші рет қылмыс жасалса және келтірілген шығын өтелсе қылмыстық жауапкершіліктен босатылмақ.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG