Accessibility links

Ресей: Сириядағы деэскалация аймақтарын күзету жайы талқыланды


Александр Лаврентьев, Сирия бейбіт келіссөзіне қатысып жатқан Ресей делегациясының жетекшісі.
Александр Лаврентьев, Сирия бейбіт келіссөзіне қатысып жатқан Ресей делегациясының жетекшісі.

Астанада өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзінде Ресей делегациясының басшысы Александр Лавреньтев Ресей, Түркия және Иран деэскалация аумақтарын ресейлік әскерилердің күзетуіне қатысты өзара келісімге келу мүмкіндігі барын мәлімдеді.

Ресейлік дипломаттың сөзіне қарағанда, Астанадағы бірнеше кездесуден соң Мәскеу, Анкара және Тегеран жоспардың кейбір тұстарын әлі келісіп жатыр.

Сирияда сейсенбі күні қарулы оппозиция мен күрд жасақтары "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының негізгі тірегі саналатын Раккаға шабуыл операциясын жалғастырды.

АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның мәлімдеуінше, содырлар қарсы жаққа қарсылық көрсетіп жатыр.

"Ислам мемлекеті" Ракка қаласын 2014 жылдан бері басқарып отыр. Сириялық күрдтер мен арабтардың "Сирия демократиялық күштері" альянсы Ракка қаласына шабуылын 2016 жылдың қарашасында бастаған.

XS
SM
MD
LG