Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында екі бекет қайта жұмыс істей бастады


Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Мақтарал ауданының Өзбекстанмен шекарасында екі бекет қайта жұмыс істей бастады. Бұл туралы екі елдің шекарадағы кедені органдары өкілдерінің кездесуінде хабарланды.

2008 жылы жабылып қалған "Сырдария" және "Целинный" бекеттері қайта ашылды. Тағы бірнеше бекет тәулік бойы жұмыс істейтін болды.

Қазақстан билігі кеше Өзбекстанмен мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттері туралы келісімге енгізілген өзгерістерді мақұлдағанын хабарлаған. Екі ел арасындағы қазақ-өзбек шекарасына қатысты үкіметаралық келісім 2006 жылы 4 қыркүйекте қабылданған.

Өзгертулерге сәйкес, Бейнеу станциясындағы темір жол бекеті Оазис станциясына көшіріледі, ал көлік өтетін "Қапланбек", "Қазығұрт" және "Атамекен" бекеттері тәулік бойы жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG