Accessibility links

Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті


Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі. Мәскеу, 4 шілде 2017 жыл.

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз өткізді. 4 шілдеде өткен келіссөз қорытындысы бойынша табиғи ресурстар, энергетика, транспорт, ауыл шаруашылығы, кино өндірісіне қатысты ондаған келісімге қол қойылды.

Ресейдің тікелей инвестиция қоры мен Қытай даму банкі бірлескен жобаларға инвестиция салатын біріккен қор құруға келісті. Инвестиция көлемі 10 миллиард долларды құрауы мүмкін. Алғашқы кезеңде негізінен Қытай жағынан бір миллиард доллар салынбақ.

Бұдан өзге, Қытайда Ресейдің "Катюша" телеарнасы құрылатыны да белгілі болды. Телеарна осы жылдан бастап орыс тілінде қытайша субтитрмен хабар тарата бастауы мүмкін.

Қытай және Ресей басшылары кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында сонымен қатар Оңтүстік Корея және АҚШ-пен бірге Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды реттеуде бірлесе жұмыс істеуге келіскенін мәлімдеді. Мәскеу мен Пекин Пхеньянға ядролық қару мен зымыран сынауға мораторий жариялауды, ал АҚШ пен Оңтүстік Кореяға бірлескен әскери жаттығулар өткізуден бас тартуды ұсынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG