Accessibility links

Шымкентте ескі ғимарат өртеніп, бір адам зардап шекті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкентте пайдаланудан шығып қалған ескі ғимарат өртеніп, бір өрт сөндіруші зардап шекті деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 1940 жылы салынған, сүріледі делінген ескі ғимаратта шыққан. Бұрын адвокаттар алқасының кеңсесі болған ғимараттың 517 шаршы метр аумағы өртеніп, қабырғасы жартылай құлаған.

Төтенше жағдайлар департаменті ғимарат қираған кезде құтқару қызметінің бір қызметкері жараланып, Шымкенттегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенін, қазір диагнозы анықталып жатқанын айтады.

Өрт әлі толық сөндірілмеген.

XS
SM
MD
LG