Accessibility links

Украинада билік кибершабуылға қатысты компанияның серверін басып алды


Әлем бойынша жасалған кибершабуыл кезінде компьютерге зиянды бағдарлама арқылы вирус енгені туралы хабарлама. Ресей, 27 маусым 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Әлем бойынша жасалған кибершабуыл кезінде компьютерге зиянды бағдарлама арқылы вирус енгені туралы хабарлама. Ресей, 27 маусым 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Украинаның кибер қылмыспен күрес полициясы шағын M.E. Doc компаниясына тиісті серверлерді оларда "зиянды компьютерлік бағдарлама табылған соң басып алды деп мәлімдеді 5 шілдеде украин билігі.

Мәлімдеме өткен аптада әлемнің бірнеше елінде болған кибершабуылды ұйымдастырған хакерлер әлі де шабуыл жасамаққа дайындалып жатқан болуы мүмкін деген қауіпті ұлғайтты.

M.E. Doc салықтық компьютер бағдарламаларының фирмасына "зиянды компьютерлік бағдарлама "қадағалаусыз таратылып жатқанын дереу тоқтату үшін" рейд жасалды деп хабарлады полиция ресми өкілі Юлия Квитко. Оның сөзінше, M.E. Doc өткен аптада әлемде жүздеген компьютерді зақымдаған бағдарлама сияқты жаңа бағдарлама жіберуге дайындаған.

"Мамандарымыз оның таралуына уақытында тоқтатты" деді Квитко France Press агенттігіне.

Хакерлердің M.E. Doc серверлеріне қалай және не үшін әлі күнге дейін кіре алатыны белгісіз дейді. Компания Украинада бірнеше халықаралық компанияның серверлерін зақымдап, банкоматтар, жанармай станциялары мен банк бөлімшелерінің компьютерлік желілеріне хакерлік шабуыл жасалған кезде кибер қауіпсіздігі әлсіз компания ретінде биліктің назарына іліккен.

M.E. Doc компаниясы серверлеріндегі қауіпсіздік деңгейінің әлсіздігі зиянды бағдарламаның таралуына ықпал етті деген айыптауды теріске шығарған.

Украинада компаниялардың 80 пайызы салық төлеу үшін M.E. Doc серверлерін пайдаланады.

XS
SM
MD
LG