Accessibility links

Катар араб елдерінің талаптарына жауап берді


Катар астанасы Доха (Көрнекі сурет).
Катар астанасы Доха (Көрнекі сурет).

Катар билігі Сауда Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Бахрейн және Египетке олар қойған талаптарға жауап берді. Бұл туралы "әл-Арабия" телеарнасы жариялаған төрт ел жасаған мәлімдеме үзіндісінде айтылады.

Араб елдері Катардың жауабын ультимату мерзімі аяқталмай жатып алған. Жауап мазмұны және оған Парсы шығанағы елдерінің қалай реакция білдіретіні айтылмаған.

Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Египет 5 маусымда Катарды "терроризмді қолдайды және Иранмен тым жақын қарым-қатынас орнатты" деп айыптап, онымен барлық қарым-қатынасын тоқтатқан. Катар тағылған айыптарды терістеген.

Ал екі апта бұрын араб елдері Катарға "Әл-Жазира" телеарнасын жабу, Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу, Түркия әскери базасын жауып, Анкарамен әскери ынтымақтастықты тоқтату сияқты 13 талап қойып, Дохаға 3 шілдеге дейін жауап беруге мұрсат берген еді. 3 шілдеде араб елдері мұрсат мерзімін 48 сағатқа ұзартқан.

Катар сыртқы істер министрі шейх Мохаммед бин Абдулрахман әл-Тани "ультиматум ретінде орындалмайтын талаптар қойылып отыр және ол Катардың егемендігіне қол сұғады" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG