Accessibility links

Алматы соты "Иегова куәгерлері" бірлестігінің қызметін уақытша тоқтатты


"Иегова куәгерлері христиан орталығы" діни бірлестігінің конгресі. Алматы, 23 маусым 2017 жыл.
"Иегова куәгерлері христиан орталығы" діни бірлестігінің конгресі. Алматы, 23 маусым 2017 жыл.

Алматы соты "Иегова куәгерлері христиан орталығы" діни бірлестігінің қызметін үш айға тоқтатып, оған 680 мың теңге (2100 АҚШ долларынан астам) айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Шешімді 29 маусымда Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мұхамеджан Пақырдинов шығарған. Сот діни бірлестіктің Алматыда пайдаланып отырған ғимаратын адамдар көп жиналатын нысандарға қойылатын қауіпсіздік талаптарына сай келмейді деп тапқан.

"Иегова куәгерлері" діни бірлестігінің баспасөз қызметі Азаттыққа полиция ұйымның Алматыдағы кеңсесіне 5 маусымда тексергенін айтты.

- Бұл мәселеге байланысты алты ай бұрын тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша ғимараттың қорғалу деңгейі туралы құжат дайындалды. Құжатта қай жерде камера орнатылуы тиіс, қай жерде өтетін пунктер мен аймақтар болуы тиіс екені көрсетілген және ол құжатқа жергілікті ішкі істер басқармасы келісім берген. Барлық жұмыс орындалып, камералар орнатылды. Инспекторлар енді аяқ астынан құжатта көрсетілмесе де камера орнатылуы тиіс тағы үш орын "ойлап тауыпты. Осының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ол сотқа берілген, - деді діни бірлестіктің баспасөз қызметінде.

Бірлестік "қолданылып отырған жаза жасалған заң бұзушылыққа сай емесін", бірлестіктің биліктің кез-келген талабын қысқа мерзімде орындауға дайын екендігі ескеру керек екенін айтады.

"Иегова куәгерлерінің христиан орталығы" сонымен қатар 17 мамырда басқа бір тексеру жүргізілгенін, орталыққа күш құрылымдарының 40 шақты қызметкері, оның ішінде автомат және бетперде киген адамдар келгенін айтады. Ол кезде полиция қызметкерлері "Иегова куәгерлері" кеңсесінде "заңсыз мигранттар болуы мүмкін" делінген анонимді ақпаратқа сүйеніп тексерген. Тексеруде ешқандай заң бұзушылық анықталмаған.

Өткен айда Алматыда полиция "Иегова куәгерлерінің" үш күндік аймақтық діни конгресіне қатысуға келген 900 шетелдік мінген 20 автобусты тоқтатып, бірнеше көлік жүргізушісін ағзасында алкогольді ішімдік белгілері бар-жоғын анықтау үшін тексеруге жіберген.

"Иегова куәгерлерінің христиан орталығы" сайтында Қазақстандағы оқиғалар бірлестік Ресейде тап болған полицияның қорқытып-үркітуі мен діни төзімсіздік таныту әрекеттеріне ұқсайды. 20 сәуірде Ресей Жоғарғы соты "Иегова куәгерлерінің христиан орталығы" бірлестігін экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG