Accessibility links

Астанада Өзбекстан елшілігі ашылады


Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік тулары.
Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік тулары.

Астанада Өзбекстан елшілігінің ғимараты салынып жатыр. Ол салынып біткеннен кейін Өзбекстанның Алматыдағы елшілігі осы елдің бас консулдығына айналады. Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, бұл туралы 5 шілде күні телеарна арқылы сауалдарға жауап берген Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов айтқан.

Ол Өзбекстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Ресейдің Санкт-Петербург, Қазан, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Владивосток қалаларынан да консулдықтар ашылатынын айтқан.

Абдулазиз Камиловтің сөзінше, бұл консулдықтарда азаматтардың арыздары барынша жылдам қарастырылатын болады. Мәселен, шетелде жүріп төлқұжатын жоғалтып алған азаматтың отанына қайту туралы өтініші бұрынғыдай үш ай емес, жеті күн ішінде қаралмақ.

XS
SM
MD
LG