Accessibility links

Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдовар" бекеті жаңғыртылады


Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдовар" бақылау-өткізу бекеті.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдовар" бақылау-өткізу бекеті.

Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдовар" бақылау-өткізу бекетіне қазіргі заманға сай күрделі жөндеу жүрізілген соң оның өткізу мүмкіндігі екі есеге ұлғаяды дейді Қырғызстанның ресми өкілдері.

Қазіргі кезде аталған шекара бекеті тәулігіне 5 мың адам және 300 көлік өткізе алады. Қырғызстан шекара қызметінің төрағасы міндетін атқарушы Уларбек Шаршеев модернизация аяқталған соң өткізу мүмкіндігі екі есеге дейін артады деп отыр. Сонымен бірге шекара бекетінде қызметкерлер санын көбейту де жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары биылғы қазан айына дейін аяқталуға тиіс. Жобаның құны 13,9 миллион сомды құрайды.

Жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтардың шағымдарынан кейін Қырғызстан үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков шекара бекетін кеңейтуді тапсырған. Оның сөзінше, шекара бекетінің жағдайы Қырғызстанға келушілерде ел жайында әсер қалыптасуына да әсер етеді.

XS
SM
MD
LG