Accessibility links

Гамбургте қарсылық шеруіне шыққандар полициямен қақтығысты


G20 саммитіне қарсылық шеруіне қатысушыға полиция су шашып жатыр. Гамбург, 6 шілде 2017 жыл.
G20 саммитіне қарсылық шеруіне қатысушыға полиция су шашып жатыр. Гамбург, 6 шілде 2017 жыл.

Гамбургте "Үлкен жиырмалық" (G20) саммиті ашылатын күннің қарсаңында осы жиынға қарсылық шеруіне қатысушылармен қақтығыста 76 полиция қызметкері зардап шеккен. Полиция мәлімдемесінде құқық органы тікұшағының екі ұшқышына жерден бағытталған лазер кесірінен көздеріне зақым келіп, қызмет атқаруға жарамсыз болып қалғаны айтылған. Тағы бір полиция қызметкері дәл алдында жарылған петардадан көзінен жарақат алған.

Бұған дейін қарсылық шеруіне қатысушылар пиротехникалық заттар мен бөтелкелер лақтырған соң полиция оларды тарату үшін су шашқаны туралы хабарланған.

Гамбургте полиция мен шерушілер бейсенбі күні кешке қақтығысқан. Қаланың әр тұсында тәртіпсіздіктер барысында сауда орындарының әйнектері сынып, бірнеше автокөлік бүлінген.

Бүгін Гамбургте ашылатын G20 саммитінің күн тәртібі әлемдік сауда және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналады.

XS
SM
MD
LG