Accessibility links

Ресейде шахтадағы жарылыстан үш адам қаза болған


Ресейдің Норильск қаласындағы кәсіпорын. (Көрнекі сурет.)
Ресейдің Норильск қаласындағы кәсіпорын. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Ресейдің Норильск қаласында мыс-никель кені өндірілетін "Заполярный" кенішіндегі шахтада болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шеккен. Бұл туралы "Норникель" компаниясына сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

Компания таратқан ақпаратта шахтадағы құрылыс жұмыстары барысында метан газы буынан жарылыс болғаны айтылған. Құтқарушылар жарылыс болған жерден қаза болған үш адамның денесін тапқан, хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адамды іздестіріп жатқаны туралы хабарланды.

Апаттан кейін шахтадан 151 кенші эвакуацияланған. Жарылыстан зардап шеккен үш адам Норильскідегі ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Төтенше оқиға болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG