Accessibility links

Өзбекстан Peugeot Citroёn автомобиль зауытын сала бастады


Peugeot көлігі.
Peugeot көлігі.

Uzbekistan Peugeot Citroёn Automotive компаниясы Өзбекстандағы Жизақ еркін экономикалық зонасында көлік зауытын сала бастады.

45 гектарлық аумаққа жылына 16 мың көлік шығаратын өндірістік кешен салынбақ. Құрылысты жергілікті мекеме франциялық әріптестерінің бақылауымен салады. Зауыт жобасы Peugeot Citroёn компаниясы инженерлерімен бірге жасалған.

Жиыны 130 миллион еуродай инвестиция салынатын зауыт көлікті 2019 жылдан бастап шығармақ.

16 мамырда өзбектің «Узавтосаноат» компаниясы мен француздың Peugeot Citroёn концерні Peugeot және Citroёn брендімен жолаушылар мен жүк тасуға арналған жеңіл коммерциялық көліктер жасауға келіскен.

XS
SM
MD
LG