Accessibility links

Ресейде шіркеуде Pokemon Go ойнаған блогердің шартты жазасы азайды


Блогер Руслан Соколовский. Екатеринбург, 11 мамыр 2017 жыл.

Ресейдің Свердлов облыстық соты блогер, православ шіркеуінде Pokemon Go ойынын ойнағаны үшін 3 жылға шартты түрде сотталған Руслан Соколовскийді жазасын 2 жыл 3 ай етіп азайтты.

Сот блогерге шыққан үкімдегі "тыңшылық қаламды" заңсыз сақтау туралы айыптың жазасын алып тастады.

Блогердің адвокаты Алексей Бушмаков үкімді толық теріске шығаруды талап еткен. Ол Руслан Соколовскийдің қылмыс жасамағанын, сотта заң көп бұзылғанын айтады.

"Агора" құқық қорғау ұйымының басшысы Павел Чиков "Соколовскийге үкімге наразы болса, шартты жазасы шын жазаға өзгеретіні ескертілгенін" айтады.

Блогер өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

22 жастағы Руслан Соколовский 2016 жылы әлеуметтік желіде Екатеринбургтегі храмда смартфонына орнатылған Pokemon Go ойынын ойнағаны туралы видео жариялаған соң ұсталған. Ол үйқамаққа алынғанға дейін абақтыда қамауда отырған, абақтыда өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.

"Мемориал" құқық қорғау орталығы Соколовскийді саяси тұтқын деп таныған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG