Accessibility links

Бішкекте феминист әйелдер мешіт жанында акция өткізді


Феминистердің мешіт жанындағы акциясы. Бішкек, 7 шілде 2017 жыл.

Қырғызстандағы феминист белсенділер Бішкектегі бас мешіттің қасында "Бізге қалай киінуді үйретпеңдер" деген акция өткізіп, балағы шолақ шалбар мен етегі қысқа көйлек киіп келді.

Белсенділер акцияның мақсаты "азаматтар қандай киім киетінін өзі біледі" және "Қырғызстан - зайырлы мемлекет" деген ойды жеткізу болғанын мәлімдеді.

Олар етегі қысқа киім кигендері үшін жұрттан сөз естіп, дөрекілік көргендерін айтады.

5 шілдеде ел президенті Алмазбек Атамбаев мектеп бітірушілермен кездесуде "Құдайға сену мен арабша-пәкістанша киімді шатастыруды" айыптаған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG