Accessibility links

Туск: Трамп Путин туралы оптимистік пікірде


Еуропа кеңесі президенті Дональд Туск. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
Еуропа кеңесі президенті Дональд Туск. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск Гамбургте "Үлкен жиырмалық" саммиті қарсаңында өткен баспасөз мәслихаты кезінде "АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинге байланысты оптимистік ойда" деді.

Тусктың сөзінше, Трамп пен Путин басқарып отырған екі елдің қарым-қатынасында көптеген мәселе бар. Ол екі президенттің кездесуі "өте қызық кездесу" боларын айтады.

Туск Трамптың 6 шілдеде Варшавада НАТО мен АҚШ және Еуропа Одағының қарым-қатынасы жайлы айтқан сөзін "көп күттірген сөз" деп бағалады.

XS
SM
MD
LG