Accessibility links

Қырғыз президенті 2016 жылғы табысын жариялады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2016 жылғы табыс декларациясын жариялады. Ол былтыр 1 миллион 246 мың сом (18 мың доллар) пайда тауып, 8 миллион 385 мың сом ("өз қаржысынан") жұмсаған.

Құжатқа қарағанда, Атамбаевтың 2,7 гектар жерге салынған 116 шаршы метрлік ғимараты, 6,4 гектар егістігі бар. Қырғыз президенті ОсОО НПФ қорын сенімгерлен басқарады. Оның жылжымалы мүлігі жоқ.

Декларация бойынша, Атамбаевтың жақын туысы (кім екені айтылмаған) 2016 жылы жұмыс орнынан 250 мың сом, дивиденд ретінде 369 мың сом, азаматтық-құқықтық келісімдерден 2,5 миллион сом, салымның өсімі ретінде 100 мың доллар пайда тапқан.

Алмазбек Атамбаев 2015 жылы 1 миллион 298 мың сом табыс тауып, 34 миллион сом жұмсаған. Оның жақын туысы сол жылы жұмысынан 182 мың сом, салымының өсімінен 112 мың доллар пайда тапқан.

Алмазбек Атамбаев бұдан бұрын "президент болғанға дейін доллар мультимиллионері болғанмын" деп мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG