Accessibility links

Трамп пен Путин Гамбургте кездесті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Гамбургте басталған «Үлкен жиырмалық» (G20) cаммиті кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет кездесті.

Кездесу қарсаңында журналистер алдында сөйлеген Дональд Трамп Владимир Путин екеуінің "әртүрлі мәселені талқылап келгенін" айтты. Бұл тақырыптағы әңгімелері жалғасатын айтқан Трамп "Ресей мен АҚШ үшін жағымды көп нәрсе болып жатқанын" сөз етті. Ол Путинмен тікелей кездескеніне разы екенін де білдірді.

Ал Ресей президенті Владимр Путин Трамп екеуінің бұған дейін бірнеше рет телефонмен сөйлескендерін еске алды. Өзекті халықаралық мәселелерді шешу үшін жүзбе-жүз жолығу маңызды екенін айтқан Путин де Трамппен жолыққанына ризашылық білдіріп, бұл кездесудің нәтижесі оң болар деген үмітін айтты.

«Үлкен жиырмалықтың» саммиті бүгін басталатынына қарамастан, бейсенбіде полициямен қақтығысқа ұласқан, «G20: тозаққа қош келдіңіздер» ұранымен өткен шеруге жаһандануға қарсы қозғалыстың ондаған мың мүшесі қатысты.

XS
SM
MD
LG