Accessibility links

Ақтөбедегі орталық саябақта көлік қаққан жас қыз қаза болған


Ақтөбе қаласында жұма күні кешкісін тұңғыш президент атындағы орталық саябағы маңында жүрген адамдарды жеңіл автокөлік қағып, кемінде бір адам мерт болған.

Жергілікті басылымдардың куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, қатты жылдамдықпен келген көлік жол жиегіне шығып кетіп, саябақтың қоршауын сындырып өткен соң екі жаяу адамды қаққан. Апат салдарынан олардың біреуі – 19 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған, ауыр жарақат алған жас жігіт жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Апат болған жерде бір бүйіріне құлап жатқан жеңіл автокөліктің видеосы мен суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Оқиға куәгерлерінің жазуынша, әлгі көліктен денелерінде жарақат іздері бар екі бойжеткен мен жігіт шыққан.

Әзірше көлік апатына не себеп болғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG