Accessibility links

БҰҰ-ның арнайы конференциясы сайтында ядролық қаруға тыйым салу туралы алғашқы жанжақты келісім жобасы жарияланды.

Бұл құжатты дайындау жөніндегі үкіметаралық келіссөздер биылғы наурыздың басында басында басталған, бірақ оған ядролық қаруға ие державалар – АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания мен Франция қатысқан жоқ.

Келісім жобасына сәйкес, оған қатысушылар қандай жағдай болмасын ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыларды өндірмеу, қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау, оларға иелік етпеу, сақтамау, сынақ жүргізбеу және оларды дамытпау туралы міндеттеме алады.

Келісім жобасына қол қою қыркүйектің 20-сына дейін жалғасады, егер одан кейін 90 күннің ішінде құжатты кемінде 50 ел ратификациялайтын болса, ол күшіне енеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG