Accessibility links

Ақтөбеде көлік қаққан жігіттің жағдайы ауыр


Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.
Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы саябақ жанындағы көлік апаты болған жер. 8 шілде 2017 жыл.

Ақтөбеде жұма күні тұңғыш президент саябағы маңында көлік қаққан 19 жастағы жігіттің жағдайы ауыр, ол қазір қаладағы жедел жәрдем ауруханасының политравма бөлімінде жатыр. Бұл туралы бүгін Азаттыққа осы аурухананың дәрігері Жасұлан Орынбаев хабарлады.

«Оң жақ аяғы екі жерден сынған, миы шайқалған, денесінің әр тұсында жарақаттар бар. Қазір оны мамандар операцияға дайындап жатыр», - деді маман.

Сонымен бірге апатқа ұшыраған көлік тізгінінде болған 1998 жылы туған қыз да қазір жедел жәрдем ауруханасының травмотология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Шілденің 7-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.30 шамасында Ақтөбедегі тұңғыш президент атындағы орталық саябақ маңынан өтетін жолдан шығып кеткен жеңіл автокөлік екі жаяу жүргіншіні қағып, аударылып қалған. Көлік қаққан 19 жастағы қыз оқиға орнында мерт болған, ауыр жарақат алған жас жігітті жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген.

Көлік апатының себебін полиция анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG