Accessibility links

Гамбургте Макрон, Меркель мен Путин келіссөз өткізіп жатыр


Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин G20 саммиті кезінде. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Германияның Гамбург қаласында бүгін Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эмманюель Макрон келіссөз өткізіп жатыр.

"Атлантик" қонақүйіндегі келіссөзде үш елдің басшылары "Үлкен жиырмалық" проблемалары, халықаралық маңызды мәселелер, соның ішінде Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу жайын талқылайды.

Германия, Ресей және Франция Украинамен бірге "норман фортматындағы төрттік" құрамына енеді. Бұл жолғы "Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысушылар арасында Украина президенті Петр Порошенко жоқ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG