Accessibility links

Трамп: G20 саммитінің алғашқы күні тамаша өтті


"Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысушы елдердің жетекшілері. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
"Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысушы елдердің жетекшілері. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Гамбургтегі "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінің алғашқы күні АҚШ президенті Дональд Трамптың көңілінен шыққан. Өз әсерін ол Twitter әлеуметтік желісіндегі шағын блогы арқылы білдірген.

"Әлем лидерлерімен Германияның Гамбургіндегі G20 саммитінің бірінші күні өте жақсы болды. Екінші күнді тағатсыздана күтемін!" - деп жазған Трамп.

Ақ үй басшысы Twitter парақшасына G20 саммитіне қатысып жатқан шет мемлекеттер жетекшілерімен бірге түскен суреттерді де жариялаған. Онда Трамптың Германия канцлері Ангела Меркель, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Қытай президенті Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин, Франция президенті Эмманюель Макрон және басқалармен кездескен сәті бейнеленген.

Гамбургте жұма күні "Үлкен жиырмалық" (G20) елдері басшыларының саммиті басталған. Екі күнге жалғасатын жиын барысында әлемдік климат өзгеруі мен сауда жайы талқыланады. Саммит кезінде Трамп алғаш рет Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

XS
SM
MD
LG