Accessibility links

Венгрияда жаңа әсіре оңшыл саяси қозғалыс құрылды


Әсіре оңшыл күштердің қарсылық шеруінде Еуропа Одағының өртенген туын таптап тұрған адам. Будапешт, 14 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)
Әсіре оңшыл күштердің қарсылық шеруінде Еуропа Одағының өртенген туын таптап тұрған адам. Будапешт, 14 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Венгрияда жаңа әсіре оңшыл саяси қозғалыс пайда болды деп хабарлайды Reuters.

«Күш пен батылдық» деген атауға болған расизмдік ұстанымдағы қозғалыстың басты мақсаты – либерализм және иммиграцияға қарсы күресу болмақ.

Сенбі күні Будапешт маңында жиналған оңшыл бағыттағы үш топтың өкілдері 2018 жылғы парламент сайлауына қатысу үшін жаңа қозғалыс құру туралы келіскен. Қозғалыс жетекшілері "ойсыз төзімділік" танытып отырған Еуропаға өзіндегі азшылық өкілдері мен миллиондаған мигранттар тарапынан қатер төніп отыр деген сарындағы риториканы пайдаланған.

Бұған дейін Венгриядағы жетекші оппозициялық күш – "Йоббик" ұлтшылдар партиясы өзінің бастапқы әсіре оңшыл идеологиясынан бас тартып, одан гөрі байсалды, центристік ұстанымға өтетіні туралы мәлімдеген. Сарапшылардың айтуынша, осыдан кейін саяси алаңда бос қалған орынды жаңа әсіре оңшыл күш басқалы отыр.

XS
SM
MD
LG