Accessibility links

БАҚ: АҚШ станцияларына хакерлік шабуылға ресейліктердің қатысы бар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маусым айында АҚШ-тағы атом электр станцияларына хакерлік шабуылдарға Ресей үкіметімен байланыстағы хакерлердің қатысы бар деп жазады The Washington Post басылымы АҚШ үкіметіндегі дерек көздеріне сілтеме жасап.

Олардың сөзінше, кибер шабуылдан АЭС басқару желісіне нұқсан келмеген. Хакерлер станцияның әртүрлі деректер, мысалы, қызметкерлер құрамы мен әкімшілік мәліметтері бар бизнес жүйесіне кіруге әрекет жасаған. Сонымен бірге, хакерлік шабуыл мақсаты – америкалық АЭС жүйесінің мықтылығын сынап көру болуы да ықтимал деп хабарлаған басылымның дерек көздері.

Алдағы уақытта хакерлік шабуыл қайталануы және оның салдары қазіргіден жаман болуы мүмкін деп жазады The Washington Post.

Бұған қоса басылымның екі дерек көзі АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі ресейлік федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тарапынан күдікті белсенділікті аңғарған деп хабарлаған. Бірақ АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі бұл туралы комментарий беруден бас тартқан.

АҚШ-тың атом электр станциялары жүйелеріне ықтимал хакерлік шабуыл әрекеттері жайлы болжам алғаш рет маусымның соңында пайда болған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, хакерлер мамыр айынан бастап станция жүйелеріне енуге әрекет жасаған.

Әуелгіде бұл шабуылға Ресейдің қатысы бары туралы айтылмаған, бірақ шілденің 7-і күні Bloomberg агенттігі өз дерек көздеріне сілтеме жасап, ол шабуылдың артында америкалық атом станцияларының жүйесінің мықтылығын тексерген ресейлік хакерлер тұр деп хабарлаған. Бұл шабуыл АЭС жұмысына әсер етпеген.

"АҚШ-қа Ресей тарапынан жасалған хакерлік шабуылдар" тақырыбы шілденің 7-і күні Гамбургте "Үлкен жиырмалық" саммиті кезінде кездескен АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы әңгімеде қозғалған. Кездесуден кейін баспасөз мәслихатында Путин өзіне Трамптың АҚШ демократиялық партиясы серверіне кибер шабуыл жасау арқылы америкалық сайлауға араласуға Ресейдің қатысы болғаны я болмағаны туралы "көп сұрақ" қойғаны туралы мәлімдеген.

"Мен оған осы сұрақтардың барлығына мүмкіндігімше жауап бердім... Меніңше, ол жауабыма қанағаттанды", - деген Путин.

Путиннің Трамппен кездесуі жайлы журналистерге айтқаны:

Путин Трамп жайлы: "Ол жауабыма қанағаттанды"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

XS
SM
MD
LG