Accessibility links

Жапонияда тасқыннан 18 адам опат болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында тасқын салдарынан 18 адам қаза болып, 27 адам хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлаған жергілікті билік орындары.

Апат аймағынан мыңдаған адам көшірілген, оларды мектептер мен әкімшілік ғимараттарына орналастырған. Бірақ тасқын су басқан аудандарда әлі де бірнеше жүз адам қалып отырғаны хабарланды. Құтқарушылар оларды қауіпті аймақтан алып шығуға күш салып жатыр.

Толассыз жауған жаңбыр тасқынға ұласып, көптеген инфрақұрылым нысандары мен автокөлік жолдарын бүлдіріп, темір жол байланысын үзген.

Метеорологтардың хабарлауынша, жаңбыр салдарынан Кюсю аралының солтүстігінде өзендер тасып, сел және көшкін жүру қаупі бар.

XS
SM
MD
LG