Accessibility links

Тиллерсон: Минск процесіне тың серпін қажет


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Киев, 9 шілде 2017 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Киев, 9 шілде 2017 жыл.

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі қызметіне Курт Уолкерді тағайындауға Минск келісімдерінің орындалмауынан Вашингтонның көңілі қалғаны себеп болған. Бұл туралы бүгін Киевте Украина президенті Петр Порошенкомен келіссөз өткізгеннен кейін бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мәлімдеді.

Тиллерсон Минск процесіне тың серпін қажет екенін айтты. Оның сөзінше, АҚШ "норман төрттігімен" іс-әрекеттерін мұқият үйлестіретін болады.

АҚШ-тың НАТО ұйымындағы бұрынғы елшісі Курт Уолкер шілденің 7-і күні Украина бойынша арнайы өкілі қызметіне жаңадан тағайындалған. Ол Украинаның шығысындағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі келіссөздер өткізуге жауапты болмақ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның мәлімдеуінше, ол Уолкерді Украина бойынша арнайы өкілі қызметіне Ресей президенті Владимир Путиннің өтініші бойынша тағайындаған.

Рекс Тиллерсон мен Курт Уолкер бүгін Киевке барған.

XS
SM
MD
LG