Accessibility links

Стамбулда Ердоғанның саясатына қарсы марш аяқталды


Оппозициялық Республикалық халықтық партияның жетекшісі Кемаль Кылычдароглу "Әділет" деп жазылған плакат ұстап тұр. Стамбул, 9 шілде 2017 жыл.
Оппозициялық Республикалық халықтық партияның жетекшісі Кемаль Кылычдароглу "Әділет" деп жазылған плакат ұстап тұр. Стамбул, 9 шілде 2017 жыл.

Түркияда жүздеген мың адам президент Режеп Ердоғанның саясатына қарсылық білдіру үшін 450 километр жер жүрген қарсылық маршын аяқтады. 15 маусымда Анкарадан басталған Әділ сот төрелігі маршына қосылған адам саны барған сайын артып отырды.

Демонстранттар өткен жылы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң басталған адамдарды жұмысынан жаппай босатып, түрмеге жабуға қарсылықтарын білдіріп, елдегі төтенше жағдай режимін жоюды талап етті. Президент Ердоған маршқа қатысушыларды терроризмді қолдайды деп айыптады. Ол маршты ұйымдастырған Республикалық халықтық партия саяси оппозиция шеңберінен шығып, "Түркияда террор орнатуды көздейтін террорлық ұйымдармен және күштермен бірікті" деп мәлімдеді.

Кейбір мәліметтер бойынша, іске аспай қалған төңкерістен соң 40 мыңға тарта адам түрмеге жабылды.

Түркияда 2013 жылы Стамбулдағы Гези парктегі президент Ердоғанға қарсылық акцияларынан кейінгі қарсы ең ірі бас көтеру болып отыр.

XS
SM
MD
LG