Accessibility links

Мәскеу театры совет бишісі туралы балеттің премьерасын кейінге қалдырды


Рудольф Нуреев (сол жақта) пен Лоран Илер кезекті қойылымға дайындық кезінде. Нью-Йорк, 1986 жыл.
Рудольф Нуреев (сол жақта) пен Лоран Илер кезекті қойылымға дайындық кезінде. Нью-Йорк, 1986 жыл.

Мәскеудің Мемлекеттік академиялық үлкен театры (немесе Үлкен театр) әйгілі орыс бишісі әрі балетмейстер Рудольф Нуреев туралы дайындалған "Нуреев" балетінің әлемдік премьерасын белгісіз уақытқа кейінге қалдырды.

СССР тұсында Батысқа кетіп қалған алғашқы өнер адамдарының бірі Рудольф Нуреевтің өмірі туралы балет 11 шілдеде қойылуы тиіс болған.

Театр премьераны кейінге қалдыруының себебін айтпады, бірақ өз шешімі жайлы брифинг өткізетінін білдірді. Театр Дон Кихоттың шығармасы Нуреев қашып кеткен күні қойылатынын айтты.

Guardian басылымы театрды бас директоры Владимир Урин балет "қоюға дайын болмағандықтан" кейінге қалдырылғанын айтты.

Мұның алдында ғана балет режиссері Кирилл Серебренников алаяқтық туралы қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергелген. Серебренников премьераның кейінге қалдырылуы театрдың өз шешімі екенін айтып, оның себебін айтудан бас тартты.

Рудольф Нуреев 1958-1961 жылдары Санкт-Петербургтегі балет театрының бас бишісі болған. Ол 1961 жылы Парижге төрт күндік турмен барғанда Франциядан саяси баспана сұраған.

Нуреев 1991 жылы 54 жасында СПИД-пен байланысты науқастан көз жұмды.

XS
SM
MD
LG