Accessibility links

Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері пара алу күдігіне ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитеті мен комитеттің аймақтық құрылымдарының лауазымды қызметкерлері фармацевтикалық компаниялардың мүдделеріне лоббилік жасағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлады Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Коррупцияға қарсы қызметтің хабарлауынша,комитет төрағасының міндетін атқарушы Л.Ю. Пак, Павлодар облыстық фармация департаментінің жетекшісі З.Ш. Кажинов, комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы П.Т. Имамходжаев, комитеттің бас маманы Д.К.Ибраева 3 шілдеде "сертификат бергені үшін" заңсыз сыйақы алды деген күдікпен ұсталған.

"Пара бергені үшін "НПО "Зерде" фирмасы директорының міндетін атқарушы Э.М. Жүзбаева ұсталды. Одан бөлек, аталған лауазымды тұлғалар пара алу күдігінен өзге "тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында сатып алынатын дәрі-дәрмектердің құнын асыра көрсету жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді" делінген ұлттық бюро хабарламасында.

Пак, Кажинова, Имамходжаев және Жүзбаева қамауға, Ибраева үйқамаққа алынған.

XS
SM
MD
LG