Accessibility links

Украина шекара қызметі ресейлік полковниктің ұсталғанын хабарлады


Олег Слободян, Украина мемлекеттік шекара қзметінің ресми өкілі.
Олег Слободян, Украина мемлекеттік шекара қзметінің ресми өкілі.

Украина шекарашылары украин паспортымен Молдованың өзін-өзі жариялап алған Приднестровье республикасына өтпекші болған ресейлік әскери қызметкердің ұсталғанын хабарлады. Бұл туралы Facebook-те Украина мемлекеттік шекара қызметінің ресми өкілі Олег Слободян жазды. Оның мәліметінше, оқиға маусымның басында болған.

Ұсталған адам Валерий Войтенконың атына берілген паспортын көрсетіп, науқас анасына бара жатқанын айтқан. Бірақ шекарашылар оның нендей мақсатпен сапарлап бара жатқанына қатысты күмәнданған. Тексеру кезінде одан жасырын қалтасы бары анықталған. Қалтасында "Приднестровьенің бірінші басшылары мен Ресейдің бірнеше азаматының телефондары, мәліметтері жазылған қағаз және Қызыл жұлдыз ордені, смартфон мен флеш-карта" табылған. Оларда Донецкідегі сепаратистердің командирлері Михаил Толстый (лақап аты Гиви) мен Арсен Павловтың суреттері, (Моторола), Донбастағы ұрыстан түсірілген суреттер және "барлау, диверсия жасау шараларын жүргізу бойынша материалдар" болған дейді шекара қызметінің өкілі.

Украина билгінің мәліметінше, ұсталған 52 жастағы азамат - полковник Валерий Гратов. Ол Украина қауіпсіздік қызметіне тапсырылған.

Ресей билігі әзірге Гратовтың ұсталғанына қатысты комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG