Accessibility links

Трамп: Ресеймен киберқауіпсіздік бойынша топ құру мүмкін емес


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп киберқауіпсіздік саласында Ресеймен бірге топ құру мүмкін емес деп біледі. Бұл жайлы ол Twitter-де жазып, Ресей президенті Владимир Путиннің әлгіндей топ құру туралы сөзін терістеді.

Владимир Путин Гамбургте өткен "Үлкен жиырмалық" (G20) елдерінің саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Трамппен кездесуінде киберқауіпсіздік мәселесі бойынша жұмысшы тобын құруға келіскенін мәлімдеген.

Путиннің бұл мәлімдемесін АҚШ сенаты халықаралық істер комитетінің мүшесі Бен Кардин қатты сынады. Кардиннің сөзінше, Ресей АҚШ-тағы сайлауға килігіп қана қоймай, "саяси тұрғыдан Перл-Харборға жасалған шабуылға тең" опервция жүргізді. Ол "ресейлік хакерлердің АҚШ-қа жасаған сансыз шабуылына" және Кремльдің өткен жылы президент сайлауына киліккені үшін Ресейге қарсы дереу жаңа санкция салуға шақырды.

XS
SM
MD
LG