Accessibility links

Женевада Сирия бейбіт келіссөзінің жетінші кезеңі өтеді


Женевадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 19 мамыр 2017 жыл.

Женевада бүгін Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі БҰҰ араағайындық жасайтын бейбіт келіссөздің жетінші кезеңі басталады. Келіссөзге Сирия президенті Башар Асад пен оған қарсы соғысып жатқан оппозицияшыл көтерілісшілердің өкілдері қатысады.

Келіссөз Сирияда АҚШ, Ресей және Йорданияның араласуымен жасалған бітім режимі күшіне енгеннен бір күннен соң өтейін деп отыр.

БҰҰ ресми өкілі қақтығысты тоқтату режимін қолдап, оның Женевадағы келіссөз ауанына "жақсарта түскенін" мәлімдеді.

Женевада мамырда өткен соңғы келіссөзден айтарлықтай нәтиже шықпаған. Келіссөзге қатысып жатқан оппозиция делегациясының өкілі Яхия әл-Аридиа France Press агенттігіне бұл жолғы кездесуден "үлкен үміт күтпейтінін" айтты.

Оппозиция келісім жасасу үшін Асад биліктен кетуі тиіс деп санайды. Бірақ Сирия үкіметі келіссөзде Асадтың ықпалы жоқ дейді.

Сирияда 2011 жылы наурызда басталған Башар Асад билігіне қарсы азаматтық соғыстан 320 мыңнан астам адам құрбан болып, миллиондаған адам үй-күйінен айырылп, босып кетуге мәжбүр болды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG