Accessibility links

Ресей: Украинада ұсталған Агеев армияда келісім-шартпен қызмет еткен жоқ


Виктор Агеев, Украина әскерилері Луганск облысында ұстаған ресейлік сарбаз.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Луганск облысында украин әскерилері ұстаған Виктор Агеевтің Ресей қарулы күштерінде келісім-шартпен қызмет еткенін жоққа шығарды. Министрлік Агеев Ресей қарулы күштерінде қызмет еткенін өзі мойындағанына қарамастан оны "жалған" деп атады.

Оңтүстік әскери округ таратқан хабарламасында Виктор Агеев айтқандай "төрт күнде Ресей қарулы күштерінде қызмет етуге келісім-шарт жасаса алмайтыны", себебі келісім-шартқа бір айдан астам уақыт кететіні айтылған.

Агеев украин телеарнасына берген сұхбатында Новочеркасскіде Ресей қарулы күштерінің әуе-ғарыш күштерінің байланыс және оқу орталығы полкінде жұмыс істейтінін айтқан. Ол 2017 жылы наурызда Ростов облысына келіп, Ресей қарулы күштері қатарында қызмет ету келісім-шартын жасасқанын растаған. Агеевтің сөзінше, ол өз әскери бөліміне барып, онда төрт күн болып, келісімге қол қоя салысымен бірден Донбасқа жіберілген.

Ресейлік Виктор Агеевті украин әскерилері Луганск облысында ұстаған. Қазір ол Старобельск қаласында тергеу изоляторында отыр.

Ресей қорғаныс министрлігі Агеев бұрын Ресей армиясында қызмет еткенін, бірақ 2016 жылдың мамырында запасқа шығарылғанын айтады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG