Accessibility links

Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір


Кіші Дональд Трамп. 17 сәуір 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд АҚШ конгресімен Трамптың сайлау кампаниясының Мәскеумен байланысын тексеруге қатысты ынтымақтасуға даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ықпалды конгресмендер өзінен 2016 жылы президент сайлауы кампаниясында ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескені туралы ақпарат беруді талап еткен соң айтты.

"Өзім білетін ақпаратты беру үшін комитетпен бірге қуана жұмыс істеймін" деді кіші Дональд Трамп Twitter-де. Сенатор Сьюзан Коллинз кеше сенаттың барлау жөніндегі комитетін Трамптың ұлын және Трамп штабының ресейлік адвокатпен кездесуіне қатысқан басқа да адамдарды тергеуге шақырған.

Комитет Трамптың ұлынан және кездесуге қатысқан басқаларынан да жауап алатынын мәлімдеген. New York Times басылымының хабарлауынша, сайлауалды кампаниясында Трамптың ұлы ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескен, адвокат оған Хиллари Клинтонға қатысты компромат берген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG