Accessibility links

Ирак премьері Мосулда ИМ-нің жеңілгенін жариялады


Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади (ортада оңнан солға бірінші тұрған қарай қара киімдегі) Ирак туын ұстап тұр. Мосул, 10 шілде 2017 жыл.
Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади (ортада оңнан солға бірінші тұрған қарай қара киімдегі) Ирак туын ұстап тұр. Мосул, 10 шілде 2017 жыл.

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади 10 шілдеде мемлекеттік телеарнадан сөйлеп, Ирак армиясының "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын жеңгенін, үш жыл бұрын "ислам халифатын" жариялаған ұйымның күйрей жеңілгенін ресми түрде мәлімдеді.

Абади "ИМ-нің Мосулда құрған террорлық жалған мемлекетінің сәтсіздікке ұшырап, күйрегенін" жариялады. Ол армия мен коалицияға алғысын білдіріп, бірақ алда әлі үлкен проблемалар барын ескертті. Оның сөзінше, алда елде тұрақтылық орнатып, қалпына келтіру, қалған содырлардың көзін жою міндеті тұр. Абади радикалдармен күресу үшін барлау қызметі мен әскерилердің жұмысы күшейтілуі тиіс екенін айтады. АҚШ бастаған коалиция Мосулды азат ету ИМ-ге қарсы "шешуші соққы" болғанын, бірақ ол бұл топқа қарсы соғыстың аяқталғанын білдірмейтінін мәлімдеді.

"Бұл жеңіс "Ислам мемлекетін" жоймайды, алда әлі үлкен күрес тұр. Бірақ ИМ астаналарының бірінен айырылуы оған соққы болып тиді" деп мәлімдеді АҚШ бастаған коалиция күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Стивен Таунсенд.

Мосул маңында әлі ауыр ұрыстар жүріп жатқанына қарамастан Абади 9 шілдеде әскерді құттықтау үшін қалаға барған.

ИМ содырлары 2014 жылы маусымда Ирактың солтүстік-батысын басып алған кезде Мосулға да бақылау орнатқан. Кейін топ жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдади Мосулдағы әл-Нури мешітінде Ирак пен Сирияда басып алған территорияларында халифат құрылғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG